«Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау
26.10.2026
23 қазан күні Республика күні қарсаңында мектебімізде оқушыларды «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
2–4 сыныптардың 10 оқушысы жас патриоттар қатарына қосылды!
Салтанатты шара барысында оқушылар Отанын сүюге, үлкендерді құрметтеуге, жақсы оқуға және игі істер жасауға ант берді.
Жас қырандарға ұйымның төсбелгілері мен куәліктері табысталды. Салтанатты рәсім «Жас Қыран» ұйымының әнұранын орындаумен аяқталды.
Жас қырандарымызды осы маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда озат, елінің мақтанышы болатын білімді, адал әрі жауапты азамат болып өсулеріне тілектеспіз!
